Accessibility links

Кейбір америкалық ғарышкерлердің сапарға мас күйінде ұшқаны анықталды


Америка Құрама Штаттарының НАСА ғарыш агенттігі тағайындаған комиссия ғарышкерлердің мас болғаны белгілі болса да, оларға кемінде екі рет ұшуға рұқсат етілген деп тапты. НАСА агенттігі енді тексеру жүргіздіріп жатыр. Тағы бір жағдайға қарағанда, келесі айда ұшуға дайындалып жатқан "Ендиавоур" ғарыш кемесіне қойылуға тиіс компьютердің қасақана бұзылғаны анықталды. Компьютер ғарыш кемесіне қойылмай тұрып әдейі істен шығарылған екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG