Accessibility links

Исламабадта Қызыл мешітте жанкештінің бомба шабуылы жасалды


Кеше Исламабад қаласында Қызыл мешіттің жанында жанкештінің бомба шабуылы жасалды, кемінде он адам қаза тапты. Кемінде бір полиция офицері өлтірілді, он бесі жарақат алды. Қызыл мешіт төңірегінде текетірес жалғаса түсті. Қызыл мешіттен қуылған қатаң бағыттағы жүздеген шәкірт талибаншыл имам түрмеден шығарылсын деп талап қылады, үкімет тағайындаған имамды мешітке жолатпай қойды. Полиция мен демонстрацияға шыққан жұрттың арасында қақтығыс болды. Пәкістан үкіметі Қызыл мешітті қайтадан ашуға күш салып жатыр. Қызыл мешітте 10 шілде күні жаугерлер мен әскер арасында қақтығыс болған, жүзден астам адам қаза тапқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG