Accessibility links

Бағдадта ирақтық бір журналист қаза тапты


Кувейттің жекеменшік телеарнасына қызмет етіп жүрген бір ирақтық журналист Бағдадта басына оқ тиіп қаза болды. 40 жасар Аднан әл Сафи деген тілші «Ирақ даусы» телеарнасына да жұмыс істеп жүрген екен. Франциядағы “Шекарасыз репортерлер” ұйымының хабарына қарағанда, Ираққа соғыс басталған 2003 жылдан бері бұл елде 194 журналист пен осы салада қызмет етушілер қаза болыпты.
XS
SM
MD
LG