Accessibility links

Ауғаныстандағы оңтүстік кореялық тұтқындарды босату келіссөздері қайта жалғасты


Ауғаныстандағы талибан жасақтары тұтқынға алған 22 оңтүстік кореялықты босату жөніндегі келіссөздер қайта жалғасты. Ауған ресмилері 10 күн бойы тұтқында отырған христиандық көмек көрсету тобының өкілдері оңтүстік кореялықтарды қауіпсіз жағдайда босатып алуға үміт білдіреді. Кеше Сеулден Қабулға жіберілген ресми өкіл Баек Йонг Чун бүгін кешкісін Ауған президенті Хамид Қарзай мен АҚШ бастаған күштердің қолбасшыларымен кездеседі. Жұма күні Талибандар өздерінің Ауған үкіметіне арнайы келген өкілмен келіссөз жүргізуге көбірек уақыт беретінін айтып, бірақ түрмедегі өз үзеңгілестерін жібермесе тұтқындағыларды өлтіретінін айтты. Және олар егер қауіпсіздік күштері тұтқындарды күшпен босатуға тырысса, біз оларды өлтіреміз деп ескертті.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG