Accessibility links

Оңтүстік Кореяның 22 азаматын босату жөнінде келіссөз жалғасып жатыр


Ауғанстанда талибандардың қолына түскен Оңтүстік Кореяның 22 азаматын босату жөнінде келіссөз қайта жалғасып жатыр. Парламенттің екі депутаты, Талибан әскерінің бұрынғы қолбасшысы және бірнеше беделді ақсақал ара-ағайындық жасап жатыр. Оңтүстік Корея азаматтары христиан ұйымында гуманитарлық көмек көрсетіп жүрген. Олар тұтқында он күннен артық отыр, олардың жетекшісі осы апта басында өлтірілді. Шараларға Оңтүстік Корея елшісі және Ауғанстан президенті Хамид Қарзай атсалысып жатыр.Талибаншылар ауған түрмесінен сегіз жақтасының босатылғанын талап етеді, әйтпесе кепілдікке алынғандарды өлтіреміз дейді.
XS
SM
MD
LG