Accessibility links

Араб елдері мен Израйльге жарияланған ондаған миллиард долларлық көлемдегі қару сату мен көмек пакеті аймақта бей-берекеттіктер орнатпайды


Иранның сынына АҚШ Мемлекеттік хатшы Кондолеза Райс, Ирландия әуе жайында тұрып, осылай деп жауап берді. Сауд Арабиясы мен басқа да араб елдеріне, Құрама Штаттар жоспарлы қару сату арқылы, Таяу Шығыста қорқыныш пен бөлшектеу саясатын орнатуға тырысуда, деп Иран осыдан бұрын сынаған болатын. Хабарларға қарағанда, Сауд Арабиясына 20 миллиард доллардың қаруы сатылады. Алдағы 10 жылға АҚШ-тың әскери көмегі ретінде Израйльге 30 миллиард доллар, ал Мысырға 13 миллиард доллар ұсынылмақшы. Бұл көмектер Иранның ықпалына қарсы тұру үшін қажет, дейді хабарлар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG