Accessibility links

Бүгін тұтқындағы 1 кореялықтың мәйіті Ауғаныстанның оңтүстігінен табылды


Бүгін Ауғаныстанның оңтүстігінде Талибан бүлікшілері кепілдікке алған 22 оңтүстік кореялықтың біреуінің мәйіті табылды. Шілденің 19-да христиандық көмек көрсету тобының өкілдері 23 оңтүстік кореялық тәліптер тұтқынына түскен еді. Талибан өкілі егер сәрсенбі күні таңертең өздерінің талаптары орындалып, түрмедегі үзеңгілестері шығарылмаса, басқа тұтқындарды да өлтіре бастайтынын айтты. Оңтүстік Корея үкіметі талибандардың тұтқындарды өлтіргенін “қатыгездік әрі жауыздық әрекет” деп айыптады.
XS
SM
MD
LG