Accessibility links

Семіздіктің себептері қандай?


Гарвард университетінің докторы Николас Кристкас пен Сан Диегодағы Калифорния университетінің зерттеушісі Джеймс Фоулер 30 жыл бойы Массачусетс қаласында семіздіктің әсерлері жөнінде зерттеулер жүргізген екен. Фоулердің айтуынша, адамның семіруге бейімделуінің 57 пайыздық жағдайында олардың семіз достары әсер етеді екен.

Семіруді қолай көруге 40 пайыздық деңгейде туған бауырлар үлгі болады. Ал, ерлі-зайыптының бір-біріне бұл тұрғыдағы әсері 37 пайыз ғана екен. Бұл дегенің семіз дос өзінің досын майлы тамақпен асырайды немесе оны жаттығу жасаудан шеттетеді деген сөз емес. Оның себебі, адам баласы өз достарын отбасы мүшелеріне қарағанда көбірек үлгі тұтады екен.

Ғалым Фоулердің тағы бір дәлелдеген нәрсесі - семіз достар сол достық қарым-қатынасының басқы кездерінде кәдімгідей арық немесе орташа адамдар болған екен. Олар жылдар желісінде бірге семірген боп шықты. Яғни, семіз адам міндетті түрде келесі семіз кісімен дос болады деген қорытынды тумауы керек.

Бұл зерттеуге қатыспаған доктор Масью Гильман - Гарвардта орналасқан Семіздікпен күрес медициналық орталығының директоры. Оның айтуынша, ғалымдар Кристикс пен Фоуелдің ашқан бұл жаңалығы, “семіздік тұқым қуалайды” деген бұрыннан қалыптасқан тұжырымға қайшы келеді екен.
XS
SM
MD
LG