Accessibility links

Палестина мемлекеті құрыла ма?


АҚШ мемлекеттік хатшысының айтуынша, Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт Палестина мемлекетін құруға әкелетін негізгі мәселелерді талқылауға дайын. Бұл туралы Кондолиза Райс бүгін Батыс жағалаудағы Рамалла қаласында Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен өткізген баспасөз-мәслихатында хабарлады.

“Израиль премьер-министрі маған сіздермен арадағы келіссөздерді одан әрі жалғастыруды асыға күтенінін және Палестина мемлекетін құруға алып келетін негізгі мәселелерді талқылауға әзір екенін айтты”, - деді Кондолиза Райс.

АҚШ мемлекеттік хатшысы кеше Иерусалимде Израиль премьер-министрі және тағы басқа ресми өкілдермен кездескен болатын. Бүгін Кондолиза Райс пен Махмуд Аббас палестиналықтардың қауіпсіздік қызметтеріне қатысты реформалар үшін 80 миллион доллар бөлу жөніндегі келісімге қол қойды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG