Accessibility links

АҚШ басшылығы Пәкістандағы шаруаларға қол сұқпаймыз деді


АҚШ басшылығы Пәкістан егемендігін қадірлейміз, "Әл Қаида" сияқты террорық ұйымдарға қолданып жатқан шараларын құптаймыз деп мәлімдеді. Ресми мәліметке қарағанда, АҚШ президенті Джордж Буш Пәкістан президенті Перуез Мұшаррафпен телефон арқылы сөйлесіп, осылай айтты. АҚШ президенттігіне кандидат, Демократиялық партияның өкілі Барак Обама Пәкістан үкіметі экстремистік ұйымдарға шара қолдана алмаса Америка Құрама Штаттары Пәкістандағы шаруаларға араласу керек, Пәкістанда белгілі нысаналарға соққы беру керек деген. Пәкістан үкіметі бұл мәлімдемені орынсыз деп тапқан.
XS
SM
MD
LG