Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскерінің рейді кезінде 33 күдікті адам ұсталды


Ирақтың Киркук қаласындағы АҚШ күштерінің рейді кезінде бүлікші деп күдіктелген 33 адам қамауға алынды. Құрама Штаттар әскерінің хабарының қарағанда, ұсталғандардың ішінде Мосулдағы жол бойына қойылған бомба жарылысына жауапкершілік алған террорлық топтың жетекшісі деп күдіктелген адам бар. Бүгін Бағдадта жол бойына қойылған бомба жарылысынан бір адам құрбан болып, бес кісі жарақат алған. Ирақтың Анбар провинциясындағы қақтығыста бір американдық сарбаз қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG