Accessibility links

Талибандар Оңтүстік Корея келіссөздеріне БҰҰ-ның кепілдік бергенін қалайды


Талибан өкілі өздері тұтқынға алған 21 кореялықты босату жөніндегі Оңтүстік Кореямен болуы мүмкін келіссөздерде Талибандық келіссөз жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге БҰҰ кепілдік жасағанын қалап отыр деген. Талибандар Христиандық көмек көрсету тобының оңтүстік кореялық 23 өкілін тұтқынға алғанына екі аптадан асты. Содан бері екі тұтқын өлтірілді. Талибан Ауған үкіметінен өздерінің сегіз үзеңгілесін түрмеден шығаруын талап еткен. Ауған билігі олардың талабын орындаудан бас тартып, ол басқа да адам ұрлау жағдайларына әкеледі деген.
XS
SM
MD
LG