Accessibility links

Пәкістанның Ауғаныстанмен шекаралас аймағында қақтығыстар орын алды


Бүгін Пәкістанда бір жанкешті жарылғыш қойылған көлігін автобус аялдамасына жақын әкеліп жарып жіберді. Одан кемінде 6 адам қаза болып, 30 шақты кісі түрлі жарақат алды. Бұл шабуыл Ауғаныстанмен шекаралас Парашинар қаласында орын алды. Оның алдында Ауған шекарасына жақын Солтүстік Вазиристанда талибаншыл күштер мен пәкістандық әскерлер қақтығысып, онда төрт пәкістандық сарбаз мерт болған.
XS
SM
MD
LG