Accessibility links

Күрд партизандары мина жарды, үш түрік сарбазы қаза тапты


Түркияда кеше күрд партизандары жол бойына қойылған минаны жарды, мұның салдарынан үш түрік сарбазы қаза тапты. Бір түркиялық сарбаз жарақат алды. Шабуыл Диарбакир қаласының маңында болды. Күрд партизандарының қолынан қаңтар айынан бері сексен шақты түрік сарбазы қаза тапты. Күрд партизандары шабуылдарын соңғы кезде үдейте түсті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG