Accessibility links

Ауғанстан үкіметі мен Талибан жауынгерлері келіссөзді әлі бастаған жоқ


Ауғанстан үкіметі мен Талибан жауынгерлері кепілдікке алынған адамдардың мәселесін талқылайтын орын қарастырып жатыр. Оңтүстік Кореяның 21 азаматы Ғазни провинциясында бір жерде қамалып отыр. Олар кепілдікке 19 шілде күні түсті, талибандар екі тұтқынды өлтіріп қойды. Ауған түрмесінен талибан жауынгерлері босатылсын деген талапты Ауғанстан үкіметі қабылдамай тастады. Талибан жауынгерлері келіссөз қауіпсіз жерде өтсін, өкілдеріміздің қауіпсіздігіне Біріккен Ұлттар Ұйымы кепілдік берсін дейді.
XS
SM
MD
LG