Accessibility links

Ирақта шиитердің қасиетті мешітін қиратқан жаугер өлтірілді


Ирақта шиитердің қасиетті мешітін бомбалап, қирату ұйымдастырған жаугер Хайтам Әл-Бадери қаза тапты. Ол былтыр ақпан айында Самарра қаласында орналасқан "Әл Асқари" мешітінің алтын күмбезін қиратқан болатын. Маусым айында тағы шабуыл жасалып, мешіттің екі мұнары құлатылды. Енді міне АҚШ және Ирақ жасақтары Самарра қаласының маңында Хайтам Әл-Бадеридің ізіне түсіп, екінші тамыз күні шабуыл жасағаны жарияланды. Хайтам Әл-Бадери осы шабуылда қаза тапты.
XS
SM
MD
LG