Accessibility links

Израиль премьер-министрі Палестина мемлекетінің “мүмкіндігінше тезірек” құрылуын қалайды


Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт Израиль жанында Палестина мемлекетінің мүмкіндігінше тезірек құрылуын қалаймын деп мәлімдеді. Бұл туралы Ехуд Олмерт кеше Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен өткізген келіссөзінен кейін айтты. Израиль премьер-министрі кездесудің басында сөйлеген сөзінде Палестина мемлекеттілігіне негіз болатын “маңызды мәселелерді” талқылағысы келетінін хабарлаған болатын. Бірнеше сағатқа жалғасқан келіссөз Батыс жағалаудағы Иерихон қаласында өтті.
XS
SM
MD
LG