Accessibility links

Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Малики Түркияда сапарда жүр

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Бүгінгі кездесулер барысында ең басты сауал қатарында, Ирақтың солтүстігіндегі күрт жауынгерлерінің іс-әрекеттеріне ресми Анкараның алаңдаушылығы да қарастырылуда. Бұл сапар кезеңі әл-Малики үшін де оңай емес. Ол басқарып отырған Ирақ үкіметінің құрамынан 5 министр кететіндігін жариялаған болатын.

Нури әл-Малики Анкараға келген кезде күрд жауынгерлерінің қолынан, биылғы жылы, Түркияның 80-ші әскери азаматының қаза болғандығы хабарланды. Ол күрд қарулы топтары екі ел шекарасының қос жағында да әрекеттер жасауда. Бірнеше апталардан бері сол шекарада 140 мыңдай Түрік солдаты соңғы әзірлік жағдайында тұрды. Бұйрық берілген жағдайда Ирақтағы күрд аймағына басып кіруге олар әзір еді. Осы мәселе Ирақ үкімет басшысының бұл жолғы сапарына басты себеп болып отыр. Ресми Анкара өзінің талабын бұл жолы да қайталауда. Атап айтқанда, егер Ирақ үкіметі елдің солтүстігіндегі күрд жауынгерлеріне қарсы шара қолданбаса, онда ол әрекетті Түркия жүзеге асыратын болады. Ирақтың солтүстігіндегі Күрд әкімшілігі күрд жауынгерлеріне оңтайлы баспана болып отыр, дейді кейбір Түрік генералдары. Күрд жауынгерлеріне көмектесіп отыр, деген пікірді Ирақ үкіметі дүркін-дүркін жоққа шығарып келеді. Әл- Малики де бұл сапарында ол айыптауды жоққа шығармақшы. Сонымен қатар Ирақ ресмилерінің айтуынша, өз елінің басқа жерлерінде болып жатқан қауіпсіздік проблемалары Күрд аутономиясына арнайы көңіл бөлуге мүмкіндік бермеуде.

Нури әл-Малики үкімет басшысы ретінде үлкен қиындықтарға кездесіп отыр. Тамыздың 6-сы күні кабинеттің 5 министрі өз қызметтерін тоқтатты. Олар әл-Маликиді секталық жікшілдікке салынуда, деп айыптап отыр. Ол 5 министр Ирақтың бекзаттық коалициясының мүшелері еді. Ирақ Келісім майданы атты парламенттегі сүнниттердің ірі блогы үкімет құрамындағы 6 министрін кабинет құрамынан шығаратындықтарын мәлімдеген болатын. Олар Ирақ кабинетін ол министрлермен санаспайды, деп айыптаған еді. Осы проблемалардың барлығы жинала келіп, әл-Маликидің ел басқару қабілетін күмән астында қалдырып отыр.

Әл-Маликидің басшылық қабілетіне Уашингтон сенімді отыр. Мемлекеттік департамент өкілі Син МкКормактың айтуынша; “Оны Ирақ халқы сайлады. Және Ирақтағы түрлі саяси фракциялар басшылары арасында ол үкімет басшысы бола алады, деп шешілген болатын. Біз онымен тығыз байланыста жұмыс істеудеміз. Президент Джордж Буш үкімет басшысы Маликимен жиі сөйлеседі. Сондай-ақ, әрине біздің Ирақтағы елшіміз Риан Крокер және президенттік кеңестің өзге мүшелері де әл-Маликимен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Ирақ үшін Құрама Штаттар үкімет басшысын таңдап бермейді. Ол еркін түрде сайланған”, деді МкКорни.

Қалай болғанда да, әл-Маликидің қарсыластар саны көбейе түсуде. Кабинеттегі соңғы оқиғалардан кейін сүннит және шиит басшылары арасында ара ағайындық жүргізіп, үкіметті сақтап қалу президент Жалал Талабаниге қалып отыр.
XS
SM
MD
LG