Accessibility links

Айыпталушылардың қорғаушылары мен туған-туыстары «Нұрбанк ісіне» байланысты қозғалған сот ісінің тоқтатылуын талап етіп отыр

  • Әлібек БАҚЫТБЕКҰЛЫ

Шұғыл әрекет ету арнайы жасақтарының қорғаушылары мен туған-туыстары «Нұрбанктың» Алматыдағы кеңсесіне 31 қаңтар күні шабуыл жасаған деп айыпталынып отырған қалалық ішкі істер департаментінің шұғыл әрекет ету арнайы жасақ тобының үстінен қозғалған қылмыстық істің тоқтатылуын және «Нұрбанк» Акционерлік Қоғамынан сотта тағылған айыптарынан бас тартуын талап етіп отыр.

7 тамыз күні Шұғыл әрекет ету арнайы жасақтарының қорғаушылары мен туған-туыстары «Нұрбанктың» Алматыдағы кеңсесіне 31 қаңтар күні шабуыл жасаған деп айыпталынып отырған қалалық ішкі істер департаментінің шұғыл әрекет ету арнайы жасақ тобының үстінен қозғалған қылмыстық істің негізсіз созылып отырғанына наразылық білдірді.

- Біз осымен алты ай бойы судьяға істе қылмыстың құрамы ғана емес, қылмыстық оқиғаның да болмағанын айтумен келеміз. Қылмыстық деп есептелініп отырған істе зардаптың болғандығы әлі дәлелденген жоқ. Егер зардап жоқ болса, қылмыстық құрам да жоқ деген сөз. Сондай-ақ, осы күнде «Нұрбанк» Акционерлік Қоғамының иесі ауысқаны да белгілі. Яғни банктың бұрынғы басшысы қазір банк саясатына әсер ете алмайды. Содан бері банктың жаңа басшылары Нұрбанк сотына байланысты өз көзқарастарын білдірген жоқ. Алайда бұған дейін жәбірленуші жақтың өкілі банктың шұғыл әрекет ету арнайы жасақтарына ешқандай да кінә қоймайтындығын тағы бір мәрте білдіріп, қылмыстық істің тоқтатылуын талап еткен болатын. Бұл айғаққа соттың не себептен көңіл бөлмегені тағы да түсініксіз. Міне, алты ай бойы біз осыларға жауап таба алмай келеміз, - деді қорғаушы Дина Сәрсенова.

Сондай-ақ, қорғаушы соттың Конституциялық бұрмалаушылықтармен өтіп жатқандығын да жеткізді.

- Сотта айыпталушылар тек өздерінің кінәлі еместіктерін дәлелдеумен ғана келеді. Ал заң бойынша айыпталушы өзінің айыпты емес екендігін дәлелдемеу керек. Керісінше, қойылған айып оның айыпты екенін дәлелдеу керек, - деді Дина Сәрсенова.

Ал екінші бір қорғаушы Татьяна Кавылкина соттың созылуы жайында мынадай пікір келтірді.

- Судьяның сотты ешбір себепсіз тоқтатып тастағаны біз таңдандырды. Бізде осы іс төңірегінде көптеген өзге де өтініштер бар еді. Меніңше, судья істі әдейі созуда. Сот ісі парламент сайлауынан кейін қайта жалғасуы мүмкін деп ойлаймын, - дейді Татьяна Кавылкина.

Осы оқиғаларға наразы болған шұғыл әрекет ету арнайы жасақтарының қорғаушылары мен туған-туыстары 4 айыпталушыға қарсы сот ісінің тоқтатылуы жөнінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына, ал бұрын сотта тағылған айыптан бас тартулары жөнінде Бас прокурор Рашид Түсіпбеков, «Нұрбанк» Акционерлік Қоғамы Басқармасының төрағасы Нұрәлі Әлиев және «Нұрбанк» Акционерлік Қоғамының ірі акционері Дариға Назарбаевалардың атына үндеулер жариялап отыр.

Бұл сот ісі 30 сәуір күні басталып, кейіннен уақытша тоқтатылған болатын. Бұл дау-дамайдың шығу төркіні биылғы жылғы 31-қаңтар күні «Нұрбанктың» бұрынғы басшыларының бірі Жолдас Темірәлиевті беймәлім адамдар банктан шығармай отыр деп Медеу аудандық ішкі істер басқармасына оның әйелі Армангүл Капашева түсірген шағымнан басталған.
XS
SM
MD
LG