Accessibility links

Қазақстандық тәулесіз журналистің автокөлік апатынан қаза болғаны күдік туғызады


Қазақстандағы белгілі интернет-басылымына өткір сын мақалалар жазып кең танылған тәуелсіз журналистің қалай қаза болғаны туралы ресми биліктің хабары күмән туғызады. Сәкен Таужанов – ресми билікті де, саяси оппозицияны да өткір сынап келген қаламы әбден ұшталған журналист болатын. Оның өткір сын мен сатираға толы мақалалары жауларының қатарын көбейтті. Сол себепті болса керек, Сәкен тамыздың 2-күні Алматы қаласының көшесіндегі жол апатынан қаза болды деген хабар - өзге талай тәуелсіз журналист осындай жол апатынан қаза болған Қазақстанда үлкен күмән туғызып отыр.

Ресми билік өкілдері хабарлағандай, 37 жастағы Сәкен Таужановты тамыздың 2-күні Алматы қаласының орталығындағы екі көшенің қиылысынан өте берген сәтінде жүк автокөлігі қағып кетіп, қаза болды. Ресми биліктің мәліметінде бұл қайғылы болса-дағы, қатардағы жол апаты деп айтылд. Ресми биліктің мұндай хабарын теріске шығаратын ешқандай айғақ-дерек жоқ.

Алайда, Қазақстанда талай тәуелсіз журналистің дәл осындай оқиғадан, яғни автокөлік апатынан қаза тапқанын көрген кейбір кісілер Сәкен Таужановтың қатардағы жол апатынан қаза болғанын күдікпен қабылдады. Мысалға, “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Қазақстандағы журналистердің құқын қорғайтын үкіметтік емес ұйымның төрайымы Розлана Таукина С.Таужановтың елде жол апатынан қаза болған жалғыз журналист еместігін айтады.

Р.ТАУКИНА: “Биылғы жылы бізде 5 журналист қаза тапты. Бірақ, өкініштісі, олар енді бесеу емес, жетеу болды. Ескеретін нәрсе, біздің құқық мекемелеріміздің мәлімдеуінше, олардың қаза болуына әрқашан да қайсыбір қылмыстық іс себеп болады. Бірақ, ресми билікке қарсы журналистер автокөлік апатына тым жиі тап болады”.

Сонымен қатар Р.Таукина 2002-нші жылдан бері қарай автокөлік апатынан қаза болған журналистерді тізіп келтірді.

Р.ТАУКИНА: “eurasia.kz” интернет басылымының газет үлгісін шығарып, автокөлік апатынан құрбан болған журналист Алексей Пугаевтан бастап Нұри Мұфтах – автобустан түскен сәтінде белгісіз біреу қарсы бағытпен келе жатқан автобустың астына итеріп жіберді; Асхат Шәріпжанов – автокөліктің астына түсіп қаза тапты; Оралдағы “Талап” газетінің бас редакторы Юрий Баев – “Қазақгейт” жанжалы туралы мақалалар басып шығара бастаған кезде ол да автокөлік апатына душар болып мерт болды; журналист Батырхан Дәрімбет – ол “Азаттық” Радиосының бұрынғы тілшісі әрі “Азат” газетінің бас редакторы болғанын баршамыз білеміз – автокөлік апатынан қаза тапты; ресми билікті өткір сынап жазған соңғы мақалаларымен кең танылған Сәкен Таужанов – ол да автокөлік апатынан қаза болды. Автокөлік апатына байланысты қаза тым көп емес пе?!”

Соңғы кездері С.Таужановтың мақалалары kub.kz интернет-басылымында жарық көріп келді. Марқұмның қаламдасы Ғимран Ерғалиевтің пікірінше, Сәкен “бет-жүзің қайсы демей” ойын ашық әрі өткір жазатын журналист еді.

Қазис Тоғызбаев - kub.kz сайтының тағы бір тілшісі. Оның атап көрсетуінше, С.Таужанов президент Н.Назарбаевтың саяси режимін, ақыр-аяғында Н.Назарбаевтың өзін өткір сынаудан тайынбады.

Қ.ТОҒЫЗБАЕВ: “Ол (С.Таужанов) – президент Н.Назарбаевтың режимін және ақыр-аяғында Н.Назарбаевтың өзін соққыға алды”.

С.Таужановтың ақырғы мақаласы kub.kz сайтында өзінің қаза болуынан 5 күн бұрын, 28-інші шілде күні жарық көрді. Сол мақаласында автор президент Н.Назарбаевтың әкімшілігінің іс-әрекетін белгілі “Шрек” мультфильміндегі шым-шытырық оқиғалармен салыстырады. Мақалада С.Таужанов президент тағына қайта сайлануына кепілдік алу үшін ғана “Нұр Отан” партиясын құрған Н.Назарбаевты өткір сынайды. Ал Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауына 2 аптаға да жетпейтін уақыт қалды.

Қазақстандағы тәуелсіз де батыл журналистердің санаулы кейбірі ғана автокөлік апатымен тіпті байланысы жоқ оқиғадан хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Мысалға, қазақ және орыс тілдерінде шығатын “Заң” газетінің тілшісі Омарғайша Омаршанова 30-ыншы наурыз күні із-түссіз жоғалды. Ол Алматы облысының “Маловодное” ауылындағы қазақтар мен чешен тұрғындары арасында қайғылы қақтығыстың себеп-салдарына журналистік тергеу жүргізіп жүріп, Астанадан Алматыға қарай жолға шыққан кезінде ғайып болды. Міне, содан бері арада 4 ай уақыт өтсе де Оралғайшаның жақындары мен әріптестері оны тірідей көреміз деген үміттерін үзбей отыр.
XS
SM
MD
LG