Accessibility links

Ұлыбритания Ауғанстандағы әскерін 7100-ден 7800-ге дейін ұлғайтпақшы


КАБУЛ: Ұлыбританияның қорғаныс министрі Дес Браун сейсенбі күні 2 күндік сапармен Ауғанстанның оңтүстігіне келді. Британ баспасөзінің хабарлауынша, Д.Браун британ күштерінің базасы орналасқан Гильменд облысының Герешк ауданында болды. Қазір Ауғанстанда НАТО-ның басқаруына қарайтын халықаралық қауіпсіздік күштерінің құрамында ағылшындардың шамамен 7100 жауынгерлік әскері бар және оны қазан айына қарай 7800-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сейсенбі күні Д.Браун жергілікті басшыларымен жүздесті, ал Ауғанстан лидерлерімен кездесу үшін бүгін Кабулға келеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG