Accessibility links

Ресми Вашингштон Грузияның әуе кеңістігінің бұзылуына наразылығын білдірді


ТБИЛИСИ: Грузия президенті М.Саакашвили Еуропаны Мәскеудің өз еліне зымырандық соққы беруіне наразылық білдіруге шақырды. Ресми Тбилиси мәлімдегендей, дүйсенбі күні Ресейдің әскери әуе күштері Грузияның әуе кеңістігін бұзды. Оңтүстік Осетияға жақын ауданды аралаған кезінде М.Саакашвили Мәскеуді, сондай-ақ, “Грузияны дүрліктірлмек болды” деп айыптады. Грузин ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, басқарылатын зымыран жерге түскенімен, жарылмаған. Мәскеу грузин жерін зымыранмен атқылағанын теріске шығарды. Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Грузияға соққы берілуіне наразылық білдірді, бірақ ол соққыны кімнің іске асырғанын айтуға тым ерте екенін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG