Accessibility links

Ирақта Иранмен байланысты деп күдіктелген 30 содыр өлтірілді


АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, бүгін Бағдадтағы шийттер көп тұратын аймақта Иранмен байланысты деп күдіктелген 30 шақты содыр өлтірілді. Бұл әскери рейд пен әуе шабуылдарының мақсаты- Ираннан жаттығудан өткізіліп жіберіледі деген жауынгерлер мен қару жарақ тасымалданады деп күдіктелген жолды құртуға арналған. Және осы әскери шара барысында бүлікші деп күдіктелген 12 адам ұсталған. Осының алдында Ирақ полициясы АҚШ күштерінің әуе шабуылнан бейбіт тұрғындар қаза болды деп хабарлаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG