Accessibility links

Грузия президенті Еуропаны Ресейді сынауға үндеп отыр


Грузия президенті Михайл Саакашвили өз аймағына Ресей әуе күштерінің зымыран тастауына байланысты Еуропаны Мәскеуді сынауға шақырып отыр. Саакашвили Ресейді Грузияда дүрбелең жасауға тырысып жатыр деп айыптады. Сейсенбі күні Грузияның Ішкі істер министрі Ресейдің екі қырғи ұшағы Грузияның әуе кеңістігіне заңсыз кіріп, зымыран тастағанын, бірақ ол жарылмай қалғанын айтқан болатын. Мәскеу ол айыптауларды қабылдамай отыр. АҚШ мемлекеттік департаменті бұл шабуылды айыптаған мәлімдеме таратты, бірақ оның артында кім тұрғанын анық білу әлі ертерек деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG