Accessibility links

Косовоның тағдырын шешу үшін халықаралық дәнекерлердің 120 күн уақыты бар


БЕЛГРАД: Косово өлкесінің келешектегі мәртебесі бойынша Сербия мен халықаралық дәнекерлердің келіссөзі осы аптада басталады. АҚШ, Еуроодақ және Ресей өкілдерінен құрылған халықаралық дәнекерлер тобы серб президенті Б.Тадичпен жұма күні кездесуге тиіс. Келесі күні олар келіссөзді кең ауқымда жалғастыру үшін Косово астанасы – Приштинаға барады. Косовоның мәртебесі туралы барлық жақты қанағаттандыратын жоспардың тағдырын шешу үшін халықаралық дәнекерлердің 120 күн уақыты бар. Косово халқының басым көпшілігін құрайтын албандар өлкенің тәуелсіздік алуын қаласа, Сербия оған түбегейлі қарсы.
XS
SM
MD
LG