Accessibility links

Бүгін Ирақ премьер-министрі Әл-Мәлики Иранның рухани лидерімен кездесуге тиіс


ТЕҺРАН: Бүгін Ирақ премьер-министрі Н.Әл-Мәлики Иранға 3 күндік сапарын жалғастырып, Иранның рухани лидері аятолла Әли Хаменеймен кездесуге тиіс. Иран президенті М.Ахмадинеджадпен келіссөз өткізу үшін Әл-Мәлики Теһранға сәрсенбі күні келді. Ирақ премьер-министрі ресми Теһранның Ираққа деген көзқарасын “оң” әрі “үйлесімді” деп бағалады. Президент М.Ахмадинеджад Ирақтың ақыр-аяғында тұрақтылық пен қауіпсіздікке жете алатынына үміт білдірді, бірақ оған дейін Иран мен Ирақтың талай қиын-қыстауды бастан кешетінін ескертті.
XS
SM
MD
LG