Accessibility links

Ирақтың қауіпсіздігі туралы конференцияға Саудия өкілдері қатыспады


ДАМАСК: Ирақ көрші елдерден өз жеріне ағылып келіп жатқан экстремистер мен қару-жарақтың легіне тосқауыл қоюға көмек сұрайды. Ирақтың қауіпсіздігі бойынша Сирия астанасы – Дамаскіде өтіп жатқан халықаралық конференцияда Ирақтың әскери барлауының жетекшісі Хусеин Камаль осылай деп мәлімдеді. Бұл форумға Ираққа көрші мемлекеттермен қатар, АҚШ және Ұлыбритания өкілдері қатысу үстінде. Сириямен қарым-қатынасы нашар Сауд Арабиясы конференцияға қатысудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG