Accessibility links

Аустрия соты Рахат Әлиевті Қазақстанға бермеу жөнінде шешім шығарды


ВЕНА: Аустрия Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы әрі республиканың Венадағы бұрынғы елшісі Р.Әлиевті Астанаға ұстап бермейді. Сәрсенбі күні Венаның аумақтық соты Р.Әлиевтің туған елінде оның қылмыстық ісінің әділ қаралатынына кепілдік жоқ деген шешім шығарды. Оған қоса, куәгерлердің бірі сотта Р.Әлиевті қаралайтын сөз айту үшін өзіне Қазақстанда пара бермек болғанын хабарлады. Вена сотының өкімі ақырғы шешім және қайта қарауға жатпайды. Қазақстанда Р.Әлиевке бірнеше ауыр айып, оның ішінде “ұйымдасқан қылмыстық топ құрды”, “кісі ұрлады”, “кісі өлтірді”, “жалған құжаттар жасады”, “өзгенің мүлкін күштеп тартып алды” деген айыптар тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Рахаттың өзі ол айыптардың бірін де мойындамайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG