Accessibility links

Иордания патшасы Астанаға сапармен келді


Қазақстанмен Иордания арасында 9 құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Астанада тамыздың 9 күні Иордан королі Абдалла екінші бен Хусейн бен Талалмен өткен келіссөздерден кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады. Қазақстан Иорданияға астық сатуға мүдделі болса Иордания тарабы Қазақстанға медициналық препараттармен құрылыс материалдарын сатқысы келеді.

Бұл Қазақстанмен Иордания арасындағы соңғы екі жылдағы жоғары деңгейдегі үшінші кездесу. Қазақстанмен Иорданияның сауда-өндірістк палаталары арасында келісім жасалған. Бұл құжат өзге елге қаражат салатын инвесторларға кепілдік береді. Қазақстанның индустрия және сауда министрлігінің мәліметінше Иордания кәсіпкерлері қазақстандық туризм, ауыл шаруашылық өнімі, фармацевтика, көлік және сақтандыру бизнесіне қызығушылықтарын білдіреді. Министрлік мәліметінше қазір Иордания Қазақстанмен қатынаста жеңілдіктер жасалады. Мысалы иордан тауарларының белгілі бір тізіміне сәйкес, кеден жиналымдары басқа ел тауарларымен салыстырғанда 25 пайызға кем алынады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша Қазақстан астығын Иорданияға жеткізу мәселесі жақсы шешіліп келеді және есесіне Иорданиядан Қазақстанға медициналық препараттар жеткізу және басқада елде жоқ заттарды жеткізу мәселесі шешіліп келеді. «Біз Иорданиямен жоғары технология, көлік және туризм салаларында қатынасымызды дамытамыз», деді Назарбаев.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметінше 2006 жылы екі ел арасындағы тауарайналым 12 миллион доллар болған бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 4 миллион долларға кем, және бұған дейін Иордания Қазақстаннан астық алып тұрса 2004 жылдан бері Қазақстанның астық сату ниетіне қарамастан Иордания мүлде астық сатып алмаған. Енді соңғы келіссөздерден кейін 300 мың тонна астықты Иорданияға жөнелту жөнінде келісім бар. Есесіне қазақстан жағы иордан компанияларына фармацевтикалық зауыт салуға септігін тигізеді және Иордан дәрілері Қазақстан заңдарына сәйкес тіркеуден өтеді деп хабарланып отыр. Иордан королі Абдалла екінші бен Хусейн бен Талал бірқатар маңызды құжаттарға қол қоюдың куәсі болдық, деді. «Олар Иорданияда бұқаралық ақпарат құралдарымен халық арасында кең жазылады. Бұл елдер арасындағы ынтымақтастық нығайып келе жатқандығының мықты белгісі болады және екі елдіңде жеке меншік секторы өз жұмысын белсінді етсе болады», деді Абдалла екінші.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметінше Иордания Таяу Шығыстағы шағын корольдік. Ел территориясының 90 пайызын шөл алып жатыр. Тарихқа үңілсек 1967 жылдан бері Иордания жерінің бір бөлігін Израиль қадағалаған. Қазір ол Палестина автономиясының жері. Көптеген арабтар Иорданияға көшуге мәжбүр болды. Кейін Израиль Иорданиямен бейбіт келісім жасады. Және Палестин арабтарына кейбір облыстарда өзін өзі басқару құқы берілді.
XS
SM
MD
LG