Accessibility links

АҚШ көкнәр егістігін жойған ауған облыстарына қосымша қаржылай көмек береді


ВАШИНГТОН: АҚШ Ауғанстандағы көкнәр өндірісіне қарсы күресінің жаңа стратегиясын жария етті. Оған сәйкес, алдағы бірнеше жыл ішінде көкнәр егістігін жою ісінде жақсы нәтижеге жеткен Ауғанстан облыстарына 25 және 50 млн. долларлық қаржылай қосымша көмек бөлінетін болады. Стратегия бойынша, сонымен қатар, АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастарының партизандар мен есірткі өндірісіне қарсы күресі ұштастырылады. БҰҰ-ының есебі бойынша, ауған көкнәрінен бүкіл әлемдегі героин есірткісінің 90 пайызы жасалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG