Accessibility links

Пәкістанның Солтүстік Вазиристан облысындағы ахуал нашарлап барады


ИСЛАМАБАД: Бейсенбі күні Пәкістанның ауған шекарасына жақын таулы Солтүстік Вазиристан облысында үкімет армиясымен арада болған қақтығыста кем дегенде 10 экстремистің көзі жойылды. Ол жайында Пәкістан армиясының өкілі хабарлады. Бұл операция экстремистер армияның автокеруеніне шабуыл жасап, 4 жауынгерді жаралауынан кейін жүзеге асырылған көрінеді. Шілде айының ортасында Пәкістан үкіметі мен Ауғанстандағы тәліптерді қолдайтын жергілікті экстремистердің арасындағы бітім бұзылғаннан бері, осы облыстағы ахуал айтарлықтай нашарлап кетті.
XS
SM
MD
LG