Accessibility links

Иран Ирақта қауіпсіздік орнатуға көмектесеміз деп отыр


Бүгін Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики елде қауіпсіздік орнату турасындағы әрекеттеріне иран жетекшілерінің қолдауын алып отыр. Техранда сапармен жүрген Әл Мәликидің Иран президенті Махмуд Ахмединежад пен осы елдің Ұлттық Қауіпсіздік басшысы Али Ларижанимен кездесуінде, Иран ресмилері Ирақта қауіпсіздік жағдайын жақсартуға көмектесеміз деп сөз берді. Құрама Штаттар Иранды Ирақтағы бүлікшілдерді қаруландырып, елде тұрақсыздық тудырып отыр деп айыптайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG