Accessibility links

Иран билігі наразылық білдірушілерді басып тастады


«Фарда» радиосының хабарлауынша, бүгін Техранда автобус жүргізушілер одағының бес мүшесі қамауға алынды. Олар өздерінің түрмеде отырған жетекшілерінің үйіне кірген кезде ұсталған. Мансур Осанлудың әйелі айтқандай, қауіпсіздік күштері олардың үйін күзетіп отырған. Автобус жүргізушілері одағының мүшелері өз жетекшілері Осанлудың үйінің жанына жиналып, Осанлу мен тағы бір белсенділерінің абақтыда отырғанына наразылық шарасын өткізбекші болған.
XS
SM
MD
LG