Accessibility links

Ресейдің әскери басшысы Грузия Ресей әуе кеңістігімізді бұзды дегенді ойдан шығарып отыр деді


Бүгін Ресей әскерилерінің басшысы Юрий Балуевский, Тбилисиді Ресейдің қырғи ұшақтары Грузияның әуе кеңістігіне заңсыз кіріп, зымыран тастады дегенді ойдан құрастырып отыр деп айтыптады. Оның сөзіне қарағанда, Грузияның мәлімдемесі Ресейге қарсы арандатушылық болып отыр. Құрама Штаттар мұны Грузияға қарсы жасалған зымыран шабуылы деп атап, бұл оқиғаны шұғыл анықтауға шақырды. Грузия ресмилері БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі төтенше жиын өткізіп, бұл оқиғаны талқыласа деп отыр.
XS
SM
MD
LG