Accessibility links

Канада үкіметі Арктика мұхитында екі әскери нысан саламыз деп жариялады


Олардың құрамында үлкен кемелерді қабылдай алатын порт және дайындық орталығы болмақ. Шешімді бас министр Стифен Харпер жариялады. Ал осыдан бір апта бұрын Ресей зерттеушілері Арктика аймағында мүмкіншілігіміз мол деп көрсетті, Солтүстік полюстің астында, мұхит табанында Ресей жалауын тікті. Халықаралық заң бойынша Солтүстік Полюс және Арктика мұхиты бейтарап, Арктикада шектесетін Ресей, Америка Құрама Штаттары, Канада, Норвегия және Дания кезінде солай келіскен.
XS
SM
MD
LG