Accessibility links

"Талибан" кепілдігінде отырған Оңтүстік Кореяның екі азаматшасы босатылды деген мәлімет түсті


"Талибан" өкілі кепілдікте отырған Оңтүстік Кореяның азаматтарының арасында екі әйел сырқаттанып қалғандықтан оларды босаттық деді. "Талибан" өкілі Қары Юсуф Ахмади мұны өз еркімізбен жасадық, тұтқындарды босату жөнінде келіссөз аяқталған соң бірнеше сағаттан кейін екі азаматшаны шығардық деді. "Талибан" өкілі олар жол үстінде болар, қажет жерге әлі жетпеген шығар деді батыс ақпарат агенттіктеріне. Ауғанстан үкіметінің өкілдері екі әйелдің босатылғаны жайында білмейміз деді. Оңтүстік-кореялық 23 азамат Ауғанстанда 19 шілде күні ұрланып кетті. Олардың екеуі өлтірілді.
XS
SM
MD
LG