Accessibility links

Косовоның мәртебесі бойынша Белград пен Приштинадағы келіссөздер еш нәтиже бермеді


ПРИШТИНА: Сербия мен Косовоның Еуропа Одағымен жақындасуы олардың өзара уәжге келе алуына тікелей байланысты. Косово проблемасы бойынша Еуроодақтың арнаулы өкілі Вольфганг Ишингер осылай деп мәлімдеді. Косово астанасы – Приштинада албан лидерлерімен келдіссөзінен кейін журналистермен пікірлескенінде Ишингер екі жақтың келісімі болған жағдайда, Косовоны бөлудің де мүмкін екенін атап көрсетті. АҚШ пен Еуроодақтың және Ресейдің өкілдерінен құрылған “Байланыс тобы” Белград пен Приштинада Косовоның құқықтық мәртебесі бойынша келіссөз жүргізді. Бірақ тараптар өз пікірлерінде қалды – Косово албандары Сербиядан тәуелсіздік алуды көздейді, ал Сербия оған түбегейлі қарсы.
XS
SM
MD
LG