Accessibility links

Америка Солтүстік мұзды мұхиттың табанынан өзіне жер бөліп алмақшы


ВАШИНГТОН: Ресей мен Канаданың “Арктика экспедициясынан” кейін Америка да теңіз табанын өзінің территориясы деп санауға болатын-болмайтынын карта бойынша анықтау үшін осы аптада Арктикаға өзінің кемесін аттандырады. 4 апталық сапар 17-нші тамыз күні басталып, Аляскадан солтүстікке қараған теңіздің табанын картаға түсіру мақсатын көздейді. АҚШ ғалымдары бұл экспедицияның көп жылдан бері әзірленіп, Солтүстік полюстің табанына туын орнатуды көздеген Ресейдің осы айдағы сапарымен немесе Арктикада порт салуды көздеген Канаданың жоспарымен еш байланысы жоқтығын мәлімдейді. Солтүстік мұзды мұхиттың табанында мұнай мен басқа да табиғат байлығының мол қоры бар деп есептеледі.
XS
SM
MD
LG