Accessibility links

Ресейлік поездың апатқа ұшырауы алдында жарылыс болған тәрізді


НОВГОРОД: Ресей үкіметі кеше күн батқанда Мәскеу мен С.-Петербордың арасына қатынайтын жүрдек поездың жарылыстан рельстен тайып, апатқа ұшырауын тергеу үстінде. Апаттан 30 адам түрлі жарақат алды, бірақ ешкім қаза тапқан жоқ. “Ресей темір жолы” компаниясы № 166-ншы поездың апатқа ұшырауына бір сыртқы күштің себеп болғанын хабарлады. Жолаушылар поездың рельстен шығып жығылары алдында жарылысқа ұқсас дыбысты естігендерін мәлімдеді. Расталмаған бір хабар бойынша, апат болған жерден жарылыстың орны аңғарылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG