Accessibility links

Иран шекарашылары беймәлім себептермен 4 ауған азаматын атып өлтірді


КАБУЛ: Иранның шекара сақшылары Батыстағы Герат облысында оқ атып, 4 ауған азаматын оққа ұшырды. 11-інші тамызда болған бұл атысқа не себеп болғаны белгісіз. Бірақ Ауғанстан үкіметі Иран жағынан түсініктеме беруін талап етті. Ауғанстанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны тергейтінін ескертіп, Ираннан ресми түсініктеме беруін талап етті. “Азат Ауғанстан” Радиосының хабарлауынша, жергілікті халық әлгі атысқа наразылық білдірді.
XS
SM
MD
LG