Accessibility links

Допингтің салдарынан “Астана” клубы тағы бір маңызды жарысқа жіберілмеді


МАДРИД: Велоспорттан “Астана” клубы қыркүйек айында басталатын көп күндік “Вуэльта” жарысына жіберілмеді. Оған команда лидері А.Винокуровтың, клуб мүшелері А.Кашечкин мен Маттиас Кесслердің қандарынан допингтің аңғарылуы себеп болды. “Астана” клубынан “Тур де Франс” сайысында ең жақсы көрсеткішке жеткен неміс шабандозы Андреас Кледен клубтың құрамында емес, жеке бапкерінің басшылығымен әлем біріншілігіне әзірленетінін және “Вуэльта” жарысына “Астана” клубын жіберген күнде де оған өзінің қатыспайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG