Accessibility links

Ресей омбудсмені оппозициялық журналист Лариса Арап үйінде емделу керек деді


Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі өкіл Владимир Лукин оппозициялық журналист Лариса Арап психиатриялық ауруханадан шығарылып, үйінде емделу керек деді. Ал Ресей Тәуелсіз психиатрлар бірлестігінің президенті Юрий Савенко журналист Лариса Араптың денсаулығын тексеріп, ол ауруханада еш негізсіз ұсталып отыр деді. Лариса Арап ауруханаға шілде айында қамалған, ол психиатриялық ауруханада науқас адамдар азапталады екен, жыныстық қатынасқа мәжбүрленеді екен деп мақала жазғанмын, сол үшін қудалауға тап болдым дейді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG