Accessibility links

Иран президенті Ауған үкіметіне қолдау көрсететіндігін мәлімдеді


Кабулда бір күндік сапармен болған Иран президенті Махмұд Ахмединежад Ауғанстанның талибанға қарсы күресінде қолдау жасаймыз деп атап көрсетті, осындағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде. Ол сондай-ақ АҚШ-ң Иран талибандықтарды қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр деген айыптауын жоққа шығарды. Иран делегациясы сапар барысында Ауғанстандағы қайта құруға көмектесу жөніндегі бірнеше келісімдерге қол қойды.
XS
SM
MD
LG