Accessibility links

Абдулла Гул Түркияның зайырлы мемлекеттік жүйесін қорғаймын деп уәде етуде


Сыртқы істер министрі Абдулла Гул осы айдың аяғына қарай президент болып сайлана қалса, Түркияның зайырлы жүйесінің принциптерін қорғаймын дейді. Ол мұндай мәлімдемені сейсенбі күні парламентте президенттік сайлауға түсу турасындағы өтінішінің қаралуы барысында жасады. Өткен мамыр айында оның кандидаттығы Түркияда зайырлы қоғамды жақтаушылардың жаппай наразылығын тудырып, олар Гулдың Әділет және даму партиясы саяси исламмен тығыз байлынысты деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG