Accessibility links

Ресей полициясы ұлтшылдардың екі адамды азаптап өлтіріп жатқан видеосына байланысты бір күдіктіні ұстады


Ресей полициясының хабарына қарағанда, ұлтшылдардың екі адамды азаптап өлтіріп жатқан видеосына байланысты бір күдікті ұсталды. Ол Адыгей Республикасының астанасы Майкоп қаласында ұсталған. Ішкі істер министрлігінің атын атамаған өкілі ол азаматтың таспадағы жағдайды жасаған емес, ол видеоны таратқан деп күдіктеліп отырғанын айтқан. Ол видео таспада Ресей ұлтшылдарының екі шетелдік азаматты азаптап, біреуін бауыздап, екіншісін атып өлтіргені көрсетілген.
XS
SM
MD
LG