Accessibility links

Ирақтағы жанкештілік шабуылдардан 200-дей адам қаза болды


Ирақтың солтүстігіндегі түрлі жанкештілік шабуылдардан кемінде 200 адам қаза тауып, 200-ден аса кісі жараланды. Сейсенбі күнгі шабуылдардың бірінде жанармай багі жарылған. Ирақтың Сириямен шекаралас аймағында орын алған шабуылдар азшылық діни топтардың мүшесін нысанға алған. Ол жерде минометтен оқ шашқаны туралы хабарлар да айтылуда. Бұл шабуылдар Ирақтағы 4 жылдық соғыс барысында бір күнде болған ең үлкен қанды оқиға болып отыр. Сондай-ақ, Бағдадтың маңында құлаған тікұшақ апатынан бес АҚШ әскері мерт болды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG