Accessibility links

Интернетте орыс ұлтшылдарының атынан жарияланған нәсілшілдік сипатындағы бейнетаспада өзге ұлт өкілдерін өлтіру сәті көрсетілген

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Тәжік және Дағыстан азаматын орыс ұлтшылдарының өлтіріп жатқан кезін бейнелеген бейнетаспаны Ресей İшкі істер министрлігі зерттеуде екендігін тамыздың 14-і күні айтқан болатын. Бұл таспа талай сауалдарды туындатуда. Бұл таспаның сыртында кімдер тұр? Бұл шынайы көрініс пе? Және мұндай көріністерді интернетке орнатуға бола ма? деген сұрақтар өз жауабын күтуде.

Тәжік және Дағыстандық азаматты өлтіру сәті бейнеленген аталған таспа төңірегіндегі айтыс Ресейде қыза түсуде. Ресейдің Яндекс зерттеу құрылымының көрсетуінше орыс тілді интернет-блоктарда аталған бейнетаспа кең түрде талқылануда екен. Алғаш рет ол бейне көріністі, тамыздың 12-сі күні Лайфжоурнал интернет блогының тұтынушысы орналастырған болатын. Көп өтпей-ақ бірнеше веб парақшалардан ол жойылып жіберілді. Ол тіпті Лайфжоурнал бетінен де жоғалып кеткен еді.

“Интернетте алдын-ала цензура жасау мүмкін емес. Тұтынушылар нені қойғысы келсе соны қояда. Не туралы жазғысы келсе, сол жайында жазады. Бұл жерде Лайфжоурнал тұтынушыларының жасамауға келіскен бірнеше шараларының тізімі бар. Алайда, адам өлтіріп жатқан сәтті бейнелеген көріністі қоймау керек, деген шарт ол тізімде жоқ. Этникалық жеккөрушілікті туындататын көріністі қоюға тиым салатын шарт бар. Алайда, ол шарттың аталған бейнекөрініске қаншалықты қатысты екендігі жөніндегі сауал ашық күйінде қалуда”, - деді Лайфжоурналдың орыс бөлімін бақылайтын Сап компаниясының өкілі Антон Носик.

Бейнекөріністе екі адам тізерлеп отыр. Аяқ-қолы байлаулы олардың артында фашистік свастика белгісі салынған үлкен ту тұр. Үшінші адам тізерлеп отырған екеудің бірін пышақпен бауыздап жіберді. Ол оқиға көрінісі 90 секундқа созылады. Басынан атылған екіншісі алдындағы мүрдеге барып құлады. Содан кейін маска киген екі адам фашистік әдіспен салют жасады. Бұл бейнекөріністерге қосып, өзін Орыстың ұлттық- социалист партиясы деп таныстырған белгісіз ұйым өз атынан хат жазған екен.

Ресейдегі жеккөрушілікке байланысты қылмысты бақылаумен айналысатын Сова жеке орталығының директоры Александр Верховский бұған дейін мұндай ұйым жөнінде естімегенін айтады. Алайда, аталған бейнекөрініс шындыққа өте жақын, дейді ол. Ресейдің «Новости» агенттігі Ресей İшкі істер министрлігі өкілінің сөзін келтірген екен. Оған қарағанда, әлгі бейнекөрініс орналастырылған веб-сервердің иесі “шетелдік мемлекеттерде”-міс.

Журналистер қатерлі жағдайда атты орталықтың басшысы Олег Панфиловтың айтуынша, интернетке салынған нәрселерді ретке келтіруге байланысты жаңа заң қабылдауға Ресей дайын емес.

Көптеген интернет оқушылары, оның ішінде өздерін әсіре ұлтшылдар деп таныстырғандар да бар, бұл бейне көріністен жүректері шайлығып, оны айыптады. Ресей ұлтшыл саясаткерлері де аталған фильмді айыптауда. Заңсыз иммиграцияға қарсы қозғалыс басшысы Александр Белов болса, аталған бейне көріністі Ресейдің ұлтшылдық идеяларына нұқсан келтірді, деп айыптады.
XS
SM
MD
LG