Accessibility links

Ресей Қырғызстанға 2 миллиард доллар қаржы салмақшы


Ресей президенті Путиннің айтуынша, Ресей Қырғызстан еліне инвестиция ретінде 2 миллиард доллар қаржы салатын болады. Сәрсенбі күні Бішкекте Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиевпен кездесуде осылай деп мәлімдеген Владимир Путин Ресей бұл қаржыны тек қана жақсы деген, жетілдірілген жобаларға арнайтындығын баса айтты. Екі ел жетекшілері бүгін басталғалы отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті алдында жеке кездескен болатын.
XS
SM
MD
LG