Accessibility links

Тәліптер мен Оңтүстік Корея өкілдерінің тікелей келіссөзіне Қызыл Крест ұйымы да қатысуы мүмкін


КАБУЛ: “Талибан” қозғалысы мен Оңтүстік Кореяның дипломаттары тәліптердің тұтқынында отырған 19 кәріс азаматын босату жөніндегі өзара тікелей келіссөзін жалғастыруға тиіс. Екі жақтың өзара кездесетін жеріне Ауғанстандағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті өзін де жіберуді өтінді. Тәліптер оңтүстіккореялық 23 діни миссионерді 19-ыншы шілде күні ұстап алып кетіп, 2 ер кісіні атып өлтіріп, 2 әйелді босатты.
XS
SM
MD
LG