Accessibility links

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүшелерінің келесі саммиті алдағы жылы Душанбеде өтеді


БІШКЕК: Бүгін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Бішкектің іргесіндегі “Ала-Аша” ордасында аяқталған 6-ншы саммитінде энергетика ресурстарын игеру мен экспорттау және аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мен тұрақтылықты қорғауда өзара тығыз ынтымақтасту туралы және тағы бірқатар Келісімге келді. Саммитте сөйлеген Ресей президенті В.Путин “Шанхай ұйымы” ішінде қуат көздерін өзара бөлісу және оны әлемдік нарыққа тасымалдауға көмектесетін “энергетика клубын” құруды ұсынды. Президенттер, сондай-ақ, терроризмге, есірткі және қару-жарақ саудасына қарсы күрес проблемаларын талқылады. “Шанхай ұйымының” келесі саммиті Тәжікстан астанасы – Душанбеде өтуге тиіс.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG